Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әбдіғалиұлы Берік 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген.
1994 жылы Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 2017 жылы «Өңірлік және муниципиалдық менеджмент» мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғаған.
10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
1994 — 1997 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.
1997 — 1999 жылдары ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.
1999 — 2001 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2001 — 2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.
2002 — 2005 жылдары Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті.
2005 — 2006 жылдары – «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры.
2007 — 2008 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008 — 2010 жылдары – «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» ҚҚ директоры.
2010 — 2012 жылдары – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.
2012 жылы – 1-ші
Вице — Премьердің кеңесшісі.
2012 — 2013 жылдары – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.
2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2016 — 2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері.
2017 — 2019 жылдары – ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
2019 — 2021 жылдары — Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
2021 — 2022 жылдары — VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарды.
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024