10-10-24 |
3700 рет қаралған
Еңбек шартын жасаспай, жұмысшыны алдап кеткен жағдайда не істеу керек?.
Еңбек шартын жасаспай, жұмысшыны алдап кеткен жағдайда не істеу керек?

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде 1 млн астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр. Соның бір мысалы, Никита Плетнев – Ақмола облысы, Талапкер ауылында газ құбырын жүргізуге жұмысқа алынады. Ол өз жұмысын тиянақты атқарса да, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасаспайды және соны желеу етіп еңбек ақысын толық көлемде төлемейді.

Экономикадағы мұндай «көлеңкелі» құбылыстармен мемлекет барынша күресіп жатқанмен, ресми деректер еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың аз еместігін көрсетіп отыр. Олардың арасында жастар да, егде жастағы азаматтар да, ауыл еңбеккерлері мен қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері, білімі жоқ азаматтармен қатар, дипломы бар қазақстандықтар да бар.  

Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің салдары қандай? Бұл – демалыссыз жұмыс істеу, әлеуметтік төлемдерден қағылу, жарақат алған жағдайда кепілсіз қалу. Маңдай термен тапқан адал ақыны ала алмай, себепсіз жұмыстан қуылу деген сөз. Мұндай жұмыс беруші жұмыскермен қоса, мемлекеттен де айласын асырып отыр. Себебі, табысын жасырады.

Шарт жасасудан немесе оның бір данасын қызметкердің қолына беруден бас тартқан жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабын өрескел бұзып отыр. Демек, мұндай жағдай «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына жүгінуге себеп бола алады.

Қоғамдық қор барлық қазақстандықтан еңбек шартынсыз жұмысқа алу фактісі туралы хабарлауды сұрайды. Өзіңіз, досыңыз немесе туысыңыз келісімшартсыз жұмыс істесе, жұмыс беруші еңбек құқығын бұзса – біздің Қорға хабарлаңыз.

Сіздің көмегіңіздің арқасында Қор осы мәселеге барынша назар аударып, оны шешуге өз үлесін қоса алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.