10-10-24 |
4180 рет қаралған
Астанада LRT құрылысына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы жартылай жабылады.
Астанада LRT құрылысына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы жартылай жабылады

LRT құрылыс жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы жартылай жабылады. Бұл туралы City Transportation Systems баспасөз қызметі хабарлады.

«LRT құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарына сәйкес, Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша: 12 қазанда сағат 08:00-16:00 дейін және 13 қазанда сағат 08:00-12:00 дейін Сығанақ көшесінің оң жақ съезінде, Арыс көпірінен Мәңгілік ел даңғылына дейін (Достық көшесіне қарай), жолдың жоғарғы құрылысына негіздерді дайындау бойынша жұмыстарды орындау үшін, қозғалыс жабылады. Бұл ретте Сығанақ көшесіндегі қозғалыс екі бағытта ашық болады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 13 қазанда сағат 02:00-ден 09:00-ге дейін, құрама қорап арқалықтарға бетон құю жұмыстарын жүргізу үшін, Мәңгілік ел даңғылы бойымен, Сығанақ көшесімен қиылысында, екі бағытта қозғалысты жабу жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.