14-10-24 |
2210 рет қаралған
Біз әлі күнге дейін «тізесі шыққан» шараларды қолданамыз. Аймағамбетов жұмыспен қамту бағдарламаларын сынға алды.
Біз әлі күнге дейін «тізесі шыққан» шараларды қолданамыз. Аймағамбетов жұмыспен қамту бағдарламаларын сынға алды

Бүгінгі Үкімет сағаты еңбек нарығын дамытудың және Қазақстанның кадрлық әлеуетін нығайтудың өзекті мәселелеріне арналды.

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, оқу-ағарту министрлері, бейінді министрліктердің вице-министрлері, әкім орынбасарлары,  Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аумақтық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармаларының өкілдері қатысты.

Еңбек нарығын тиімді басқару тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуде және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруда / негізгі рөл атқарады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында кадрлық әлеуетті арттыру мәселелерінде бірқатар басым бағыттарды белгілеп, Үкіметке нақты  тапсырмалар берді.

Айталық, 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды.

Мәселен, 2008 жылдан бері жұмыспен қамтудың 5 бағдарламасы қабылданды, яғни екі жыл сайын жаңа бағдарлама қабылданып отырған. Депутат Асхат аймағамбетов бұл бағдарламалар қандай нәтиже берді деп министрге төтесінен сауал қойды?

«Баяғы жартас – сол жартас». Біз әлі күнге дейін «тізесі шыққан» шараларды қолданамыз. Жаңа жүйелі шаралар аз. Сол баяғы уақытша жұмыс орындарын құру, оқыту және қайта оқыту, шағын несие беру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және т.б. ​Ал жергілікті деңгейде бұл шаралар қоғамдық жұмыстарға тартудан, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынудан және жастар практикасынан аса алмайды. Осы шаралардың қаншалықты тиімді екендігін де зерттеп жатқан ешкім жоқ. ​Енді мына цифраны қарасақ. Үкіметтің есебіне сәйкес, жыл сайын шамамен 900 мың адам жұмысқа орналасады екен. ​Сонда жыл сайын миллионға жуық адам жұмысқа орналасса, жұмыссыздық деңгейі неге өзгеріссіз қалып отыр деген сұрақ мазалайды?», – деді депутат өз сауалында.

​Оның айтуынша, мынанадай темппен жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесі әлдеқашан шешілуі керек еді.

​ «2023 жылдың қорытындысы бойынша 963 мың адам жұмысқа орналастырылған екен, ал бірақ жұмыссыздардың саны небәрі 445 мың адам болған. Бұған дейін еңбек нарығына жыл сайын 200 мың адам келетін, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 250 мыңға жетіп қалды, ал 5 жылдан кейін 350 мыңға дейін барады дейді.  Осылайша 2030 жылға қарай еңбек нарығына үлкен қысым жасалады. Мұның барлығы жүйелік проблемалардың бар екендігін көрсетеді», – деді Аймағамбетов. 

Депутат девмоствалар арасында байлаынс жоғын алға тартты. Экономиканы – Ұлттық экономика министрлігі жоспарласа, жұмыспен қамтуды – Еңбек министрлігі, білім беруді – жоғары білім мен Оқу-ағарту министрлігі жоспарлайды. Бастысы бірыңғай үйлестірілген жұмыс пен саясат жоқ. 

«Жылдам технологиялық прогресс еңбек саласында жаңа сын-қатерлерді әкелді. Жаңа мамандықтар пайда болып,  кейбір «зейнеткер мамандықтар» жай ғана «жойылуда». Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52% автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14% жойылуы мүмкін, ал тағы 32% қатты өзгереді. Ал Жұмыспен қамтуға келсек, барлық жұмыс орындарының 70%-ын немесе жалпы жұмыспен қамтудың 50 пайызына жуығын бизнес емес, мемлекет қамтамасыз етіп отыр.                      Яғни Мемлекеттік қолдау шараларына, триллиондаған несие және триллиондаған салықтық жеңілдікке қарамастан, жеке кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер тек 2,8 миллион жұмыс орнын немесе жұмыспен қамтудың 33 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Яғни, жұмыспен қамтудың негізгі генераторы – мемлекет», – деді ол.  

Мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс орындарын ашудағы тиімділігі өте төмен. Статистика бойынша, көптеген бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштер текқағаз жүзінде қалып қойған. 

«Ұлттық жобалар бүгінгі таңда сапалы жұмыс орындарын жетілікті денгейде қамтамасыз етпей отыр. Жалпы, заңнамалық деңгейде жаңа өндіріс ашатын немесе инвестициялық жобаны іске асыратын барлық тұлғалар үшін міндетті түрде жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жергілікті жастарды оқыту және жұмысқа орналастыру талаптарын бекіту қажет деп санаймыз, дәл осыған факторға байланысты оларға салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру мәселесіқарастырылуы тиіс. Инвесторлармен сапалы жұмыс орындарын құру, дуальды оқыту және білім трансферті бойынша өзара міндеттемелер қажет», – деді депутат.

 Еңбек нарығы дегенде мигранттардың факторы да маңызды. Мигранттардың еңбек нарығындағы үлесі туралы нақты мәліметтер жоқ. Релоканттарды тіпті айтпағанның өзінде.                                      Еңбек миграциясының өсуі бұл – жаһандық трендтердің көрінісі. Біз еңбек миграциясын басқару керекпіз.  

Бұған қоса біз басқа елдерге жұмысқа шығатын азаматтарымыздың құқықтарымен жеткілікті денгейде айналыспаймыз. Алысқа бармай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді алайық. Әртүрлі мәліметтер бойынша – осы одақта шамамен 200 мың қазақстандық жұмыс істейді, бұл іс жүзінде бүтін бір саламен тең. 

«Көптеген отандасымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етуде. Ол аздай соңғы кездері Англияда «құлпынай теріп жүрген» азаматтар көбейіп кеткен. Олардың саны қанша, және неге бұл факторлар біздің жұмыспен қамту статистикасында және саясатындаескерілмейді, біз білмейміз. Біздің елдің азаматтары жұмыс істейтін барлық мемлекетпен, тіпті ол мемлекетте 1 ғана отандасымыз жұмыс істейтін болса да, олардың құқықтарын қорғау бойынша келісімдер жасау қажет. Бұл бағыт бойынша да нақты саясат пен шаралар әлі жеткіліксіз», – деді ол. 

Ал, депутат Дания Еспаева бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген сұраныс  жоғары білімді түлектерге деген  қажеттіліктен  70%-ға артық екенін айтады. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау арқылы жұмысшы кәсіптердің беделін  арттыру қажет. Сонымен қатар, еңбек адамының мәртебесін арттыру үшін   ынталандыру шаралары керек.

«Еңбек нарығын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасында оны дамытудың негізгі тәсілдері белгіленген. Атап айтқанда, жаңа сапалы жұмыс орындарын құрудың сипаттамалары айқындалған, сондай-ақ 2030 жылға қарай 3,8 млн. жаңа жұмыс орнын құру бойынша батыл мақсат қойылды. Сонымен қатар, мемлекеттік жұмыспен қамту  бағдарламасы аудитінің қорытындысы бойынша     Жоғары аудиторлық палатаның бағалауына сәйкес,  түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбісі уақытша болып табылатыны анықталды», – деді депутат.

Мысалы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»  ұлттық жобасы аясында ашылған  1,5 мың жұмыс орнының 90 пайызы уақытша,   ал «2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту» / жобасы бойынша 67 мың жұмыс орнының 81 пайызы маусымдық болып табылады.

Тұтастай алғанда, жаңа жұмыс орындарының 87%-ы негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар да уақытша сипатқа ие.

«Сонымен бірге, өзіміз көріп отырғанымыздай,  Қазақстанда бейресми экономиканың  жоғары үлесі  және халықтың мемлекеттік қолдауға тәуелділігінің өсуі сақталуда. Ерекше алаңдаушылық тудыратын – жастардың жұмыссыздығы. Бұл проблема еңбек нарығына  жастардың жыл сайынғы 300 мыңнан астам болжамды ағыны есебінен қиындайтын болады. Проблемалар білім беру жүйесінен еңбек нарығына көшу сатысында басталады, мұнда жастар білім беру арқылы не өз дағдыларын жетілдіре алмайды, не жұмысқа орналасу арқылы тәжірибе де жинай алмайды. Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру үшін мемлекет жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқу үшін гранттар береді», – деді ол.

Биыл жоғарғы оқу орындары – шамамен 74 мың,  ал колледждер 143 мың жаңа студентті қабылдады

Алайда, оқуды аяқтағандардың барлығын жұмысқа орналастыру үлкен алаңдаушылық туғызады. Айталық, 2023 жылы мамандығы бойынша колледж түлектерінің 40%-ы жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте, өкінішке орай,  мемлекеттік органдар жоғары оқу орындарының барлық түлегінің жұмысқа орналасуының                  нақты жағдайымен таныс емес.

Бұл түлектердің жұмыссыздар қатарын толықтыруына немесе кез келген жерде жұмыс істей беруіне алып келеді. Олардың бір бөлігі мемлекеттік қолдауға қайта жүгінугемәжбүр, оған тағы да бюджет қаражаты жұмсалады.

Осыған орай бүгін біз аталған проблемаларды жан-жақты талқылап, нақты ұсыныс-пікірлерді ортаға салатын боламыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.