15-10-24 |
1050 рет қаралған
Қазақстан экономикасы 9 айда 4%-ға өсті.
Қазақстан экономикасы 9 айда 4%-ға өсті

Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен  республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. 

 Бектенов ЖІӨ-нің 4% нақты өсу деңгейі қалыптасқанын, жыл соңына дейін барлық ресурстарды жұмылдыру қажеттігін жеткізді.

Премьер-Министр бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыны уақтылы игеру бөлігінде қаржылық тәртіпті күшейту қажеттігін атап өтті. 

«Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін  барлық ресурстарды экономиканың сапалы өсуіне жұмылдыруы керек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы бағыттағы күш-жігерді еселей түсу қажет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді  әрі тиімді жұмыс істеуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.