16-10-24 |
4390 рет қаралған
Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды.
Түркістан облысында білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Бүгінгі таңда Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.