Бүгін Халықаралық алма күніне орай Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі Алма фестивалі өтті.
Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды.
«Бүгінгі күннің ерекшелігі барлық тағам алма жемісінен дайындалды. Бәрі табиғи өнім, ешқандай қоспасыз әзірледік. Мұнда алманың әр сортын қолдандық. Шырын да табиғи. Келушілерге бәрі тегін.12 аспаздың қолынан шыққан дәм», – дейді аспазшы Толқын Ражан.
Аспаздар алманы қолданып бар түрлі инсталляциялар жасады. Сондай-ақ Алматы қаласының тарихы мен оның алмамен байланысын баяндайтын кездесулер ұйымдастырылды.
Фото Алма Мұқанова
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024