23-10-24 |
1130 рет қаралған
Зеленский соғысқа Солтүстік Кореяның екі бригадасы келгенін айтты.
Зеленский соғысқа Солтүстік Кореяның екі бригадасы келгенін айтты

Бізде КХДР бөлімшелерінің дайындалғаны туралы ақпарат бар – тіпті әрқайсысы 6 мың адамнан тұратын екі бригада болуы мүмкін. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский бейнеүндеуінде айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский кешкі бейне үндеуінде Солтүстік Корея әскерінің Ресейдің басып кіруіне қатысуға дайындығы туралы тақырыпты жалғастырды.

«Бізде Солтүстік Кореядан екі әскери бөлімнің дайындалғаны туралы ақпарат бар – тіпті әрқайсысы 6 мың адамнан тұратын екі бригада болуы мүмкін. Және бұл сынақ», – деп келтіреді Интерфакс-Украина Зеленскийдің сөзін.

Солтүстік Кореяның 12 мың әскері соғысқа араласқаны туралы мәліметті өткен аптада Оңтүстік Кореяның барлау қызметі жариялаған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.