24-10-24 |
5300 рет қаралған
Олжас Бектенов Су кеңесінің отырысын өткізді.
Олжас Бектенов Су кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Су кеңесінің отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің 7 ақпанда өткен су қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін шешу үшін су ресурстарын басқару жүйесін трансформациялау жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің негізгі жұмыс бағыттары бойынша баяндамасы тыңдалды. Олардың қатарында гидротехникалық құрылыстарды салу және жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу, суды нормативтен артық тұтынуға байланысты тарифтік саясат, су тасқынын болжау және моделдеу, сондай-ақ заңнамалық базаны жетілдіру, кадрмен қамтамасыз ету және мамандар біліктілігін арттыру мәселелері бар.

Еліміздің су ресурстары әлеуетін дамыту және басқару жүйесін жаңғырту мақсатында Су кодексінің жобасы әзірленді, құжат Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Еліміздегі су ресурстарын сарқылудан және ластанудан қорғауға, суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге және су саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтуге баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы су саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде 42 жаңа су қоймасын салу, 37 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау, сондай-ақ 14 мың шақырымға жуық суару арналарын салу және реконструкциялау көзделген. Бірінші кезеңде 2025 жылдан бастап 11 жобаны салу және реконструкциялау, алты облыстағы 3452 шақырым ирригациялық арналарды жаңғырту және Астана қаласын толықтыру үшін құрылыс салу көзделген.

Шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында Инвестициялық субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Осылайша, су үнемдеу технологияларын сатып алу және орнату шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Инфрақұрылымды жүргізу кезінде шаруалардың ұңғымаларды бұрғылауға жұмсаған шығындарын өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін арттыру көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.