Астана қаласындағы «Жастар» театрының сахнасында 1945 жылы 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстаг қабырғасына бірінші болып Жеңіс туын тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Жеңіс жалауы» спектаклінің премьерасы өтті. Спектакльді ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Ән-би ансамблі мен «Жастар» театрының шығармашылық ұжымы қойды.
Дарынды автор Қанат Жүнісов жазған театрландырылған қойылым ұлы батырдың тағдыры, соғыстың қиын сәттері, майдан даласында көрсеткен ерлігі мен ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайды. Ұйымдастырушылар басты кейіпкердің іс-әрекеттері мен ойлары арқылы Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілікті дәріптейді. Спектакль барысында отансүйгіштік рухын тәрбиелейтін, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын көрсететін әскери және бейбіт жылдардағы әндер шырқалды.
«Жастар» театрындағы спектакль кәріні де, жасты да, барша көрерменін таң қалдырған маңызды оқиға болды.
— Рахымжан Қошқарбаевтың туған жері — Абылай хан болған, Кенесары ту тіккен Ақмола даласы. «Жастар» театры мен Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымдарына шын жүректен алғысымды білдіремін, олар сахналық қойылым арқылы елінің жолында жауынгерлік рухын көрсеткен Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұрпаққа жеткізді, – деді тарих ғылымдарының докторы, Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры Марат Әбсеметов.
Спектакльдің режиссері — белгілі актер және режиссер Дәурен Серғазин. Оның жетекшілігімен аталмыш спектакль терең эмоционалды сезімдер мен патриоттық мотивтерге бай ауқымды туындыға айналды.
Айта кету керек, іс-шарада көркемдік жетекші Алпамыс Асылбек бастаған Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің әртістері Ұлы Отан соғысы кезіндегі Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін айшықтай түсетін қызықты атмосфераны жеткізе алды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024