28-10-24 |
4900 рет қаралған
Грузия президенті елде өткен парламент сайлауын мойындамады.
Грузия президенті елде өткен парламент сайлауын мойындамады

Грузия президенті Саломе Зурабишвили сенбі күні өткен парламент сайлауының нәтижелерін мойындаудан бас тартты.

«Бұл Грузияның Ресейге бағыныштылығын мойындаумен бірдей», – деді ол ресми дауыс беру нәтижелеріне баға берген ол.

Биліктегі «Грузин арманы» партиясы 54% дауыс жинаған болатын. Оппозициялық партиялардың өкілдерімен кездесуден кейін Зурабишвили дүйсенбі күні Тбилиси орталығында халықты митинг өткізуге шақырды.

«Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Бұл сайлауды тануға болмайды. Бұл Ресейдің осында келуін мойындаумен, Грузияның Ресейге бағынуымен бірдей», – деді ол брифингте.

Ал, «Грузин арманы» өзін Ресейшіл деген айыптаулармен келіспейтінін айтып, өзін Мәскеумен келісімге келуге тырысатын бейбіт тарап ретінде көрсетуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.