Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Алматыда мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш тақта әлемге әйгілі «Қан мен тер» тарихи-революциялық трилогиясының авторы тұрған үйдің қабырғасына, яғни Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды.
Іс-шараға танымал әдебиетшінің туыстары мен жақындары Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, сондай-ақ жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
«Әбдіжәміл Кәрімұлы отандық және әлемдік әдебиет тарихында жарқын із қалдырып, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің символына айналды», – деп атап өтті салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.
Сондай-ақ, бүгін Алматыда белгілі жазушылар, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024