29-10-24 |
3690 рет қаралған
Тоқаев іс-сапармен Моңғолияға барды.
Тоқаев іс-сапармен Моңғолияға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Кейін Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.