29-10-24 |
1860 рет қаралған
БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталып кетті.
БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталып кетті

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеу бойынша 3 млн теңгеге жуық берешегі бар азамат сотталып кетті. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді»,  – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап борышкердің 2 787 838 теңге көлеміндегі балаға алимент төлеу бойынша берешегі бар.

Аталған азамат бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.