Алматы облысында полиция қызметкерін көліктің есігінде сүйреген жүргізуші ұсталды.
Белгілі болғандай Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов, жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болды.
«Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, көлікке қайта отырып, Қанат Темірбаевтың саусақтарын машинаның есігімен қысып қалса да, қозғала бастады. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен. Ақыры офицер қолын босатып үлгерді, бірақ асфальтқа құлаған кезде жарақат алды», – делінген ІІМ таратқан мәліметте.
Жүргізуші қашуға тырысқанымен, көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органының қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған қоса, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жалғасып жатыр.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024