05-11-24 |
1040 рет қаралған
Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кептелісінің себебі айтылды.
Қазақстан-Ресей шекарасындағы көлік кептелісінің себебі айтылды

Мемлекеттік кірістер комитеті, «Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Құрманғазы өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналуының пайда болуы туралы» ақпаратқа қатысты түсінік берді.

2024 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Атырау облысының «Құрманғазы» өткізу пунктінде Ресей Федерациясына баратын маршрут бойынша 280-ге жуық жүк автокөлігі жинақталған.

«Кептелістің себебі «Атырау-Астрахань» тас жолында жөндеу жұмыстарының аяқталуы болды, бұл көлік құралдарының санының күрт өсуіне әкелді. Алайда, аталған өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200 АКҚ құрайды. Ал өткізу пунктіне күн сайын шамамен 250-300 АКҚ келеді. Мәселені жедел түрде шешу үшін Атырау облысы бойынша МКД пунктінде жұмыс істейтін мамандар саны 14 қызметкерге дейін ұлғайтылды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарын өткізу өткен жылдан бастап ЕАЭО елдерімен 30 өткізу пунктінде, оның ішінде «Құрманғазы» өткізу пунктінде жоспарлы түрде іске қосылатын «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінен бастап қолданылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.