Еліміздің БАҚ-да Орал қаласы сотының төрағасы өз жұмыс бөлмесінде ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов қамауға алынды, деп жазды «Уральская неделя» газеті.
Ұстау оның кеңсесінде болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол сотталған азаматқа қатысты оң шешім шығарғаны үшін 1,5 миллион теңге алды деген күдікке ілінген.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, бұл қылмыстың жазасы ірі көлемде айыппұл салу немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін.
Руслан Жұмағұлов бұған дейін прокуратура және заң саласында жұмыс істеген, 2019 жылдан бері Орал қалалық сотын басқарды.
-
07.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024