06-11-24 |
5000 рет қаралған
Алматыда жылу желісін ауыстыру үш жылда әрең аяқталды.
Алматыда жылу желісін ауыстыру үш жылда әрең аяқталды

Айнабұлақ шағын ауданында екі жыл бұрын басталған ұзындығы 6 шақырымға жуық жылу желілерінің ауқымды реконструкциясы аяқталды.

Жылу магистралінің пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік мерзімі – 25 жыл. Жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіліп, жыл сайын белгілі бір учаскесі ауыстырылып отырды. Биыл Жұмабаев пен Павлодар көшелері аралығындағы Мақатаев көшесіндегі ТМ-18 жылу магистралі учаскесі аяқталды.

Бұл жоба 344 көпқабатты үйді, 11 мектепті, 3 медициналық мекемені және жүздеген басқа да нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта жолдарды абаттандыру аяқталуға жақын: асфальт төселіп, жақында жол белгілері қойылады.

Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен алты ауданда 20 шақырым жылу желілері жаңартылды. Учаскелерді абаттандыру ауа райына байланысты кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.