Павлодар облысында жел соққан ағаштың кесірінен әйел қаза тапты.
«1957 жылы туған әйелді Естая көшесіндегі үйдің ауласында ағаш басып қалған. Оқыс оқиға орын алған жерге дейінгі жол алты минутқа созылды. Жәбірленуші өмірге сәйкес келмейтін жарақаттардың салдарынан қайтыс болды: екі аяғының, кеудесінің, жамбас сүйектерінің сынуы, омыртқаның жабық сынуы, ішкі ағзалардың жарақаты, 3-4 дәрежелі травматикалық шок», – деп хабарлады бейсенбіде Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясынан.
Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.
Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру, 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024