07-11-24 |
1540 рет қаралған
Алексей Ни допинг дауы үшін өмір бойына жарыстан шеттетілді.
Алексей Ни допинг дауы үшін өмір бойына жарыстан шеттетілді

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) қазақстандық жаттықтырушы Алексей Ниді бірнеше қазақстандық ауыр атлеттердің допинг дауына қатысы бар деген айыппен спорт қызметі құқығынан айырды.

Олардың қатарында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рагимов бар. Ниді өмір бойы дисквалификациялау туралы шешім түпкілікті болып табылады және оған шағымдануға болмайды.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы қазірдің өзінде 63 жастағы бапкердің жазаға тартылғаны туралы ақпаратты растады. Ұзақ уақыт ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген інісі Виктор Ниге қатысты әзірге түпкілікті шешім жоқ. Ол төрт жыл мерзімге дисквалификацияға ұшырауы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.