07-11-24 |
3870 рет қаралған
Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады.
Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады

Парламент Сенаты сот жүйесін реформалау және процестік заңнамасын жетілдіру туралы заңды екі оқылымда мақұлдады.

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және қылмыстық істер бойынша дербес кассация енгізіледі.

Кассациялық сатыда алдын ала қарау кезеңі алынып тасталады.

Азаматтар сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат емес, кассациялық шағым береді.

Сот ісін жүргізудің барлық түрлеріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізілуде.

Әкімшілік істерге ұқсас, қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық сатыда қарау мерзімі қисынды мерзімде, бірақ 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Кассациялық сатыға қолжетімділікті кеңейту үшін 2027 жылғы 1 шілдеден бастап, мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша жеке тұлғалардың талап қою сомасы 2 мың АЕК-тен төмен және заңды тұлғалардың талап қою сомасы 30 мың АЕК-тен төмен, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар және ұсақ қылмыстар бойынша шектеулер алынып тасталады.

Әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағымданғаннан кейін заңды күшіне енеді.

Азаматтық істерге ұқсас, 2025 жылдың 1 наурызынан бастап жауапкер әкімшілік орган болып табылатын талап қоюшының таңдауы бойынша әкімшілік істер бойынша эксаумақтық соттылық енгізіледі. Бұл мемлекеттік органдардың қызметіне де тиімді әсер етеді.

Дербес кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді.

Оның негізгі мақсаты сот практикасын және сот төрелігін жүзеге асыруда заңдылықты сақтау мәселелерін зерделеу әрі қорыту болмақ.

Сенат отырысынан кейін Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.