13-11-24 |
1500 рет қаралған
Алматының тау бөктеріне ірі нысан заңсыз салынған.
Алматының тау бөктеріне ірі нысан заңсыз салынған

«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде рұқсат құжаттарынсыз салынған үш қабатты ғимарат қала билігінің талабы бойынша бұзыла бастады.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысан жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ жұмыстың басталғаны туралы хабарламасыз салынған.

Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.

Меншік иесіне заңсыз құрылысты бұзуға және жер телімін бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берілді. Иесі өз еркімен бұзуға кірісті.

Былтырдан бастап қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда құрылысқа бақылау күшейтілді. Қазірдің өзінде 52 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бұзылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.