Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі, ал оның Заң факультеті еліміздің құқықтық білім беру жүйесінің негізгі тіректерінің бірі саналады.
Тарихы терең, дәстүрі бай бұл факультет еліміздегі заңгерлерді даярлауда алдыңғы қатарда, әрі оның түлектері түрлі салаларда табысты қызмет етіп, құқық саласында еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.Заң факультеті Қазақстандағы алғашқы заң мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны болып табылады. Содан бері ол заң білімінің көшбасшысы бола отырып, жылдар бойы заңгерлік білім беру жүйесін жетілдіріп, заманауи талаптарға сай білім беру үрдісін қалыптастырды.
Факультет елдегі құқық жүйесінің дамуына үлкен үлес қосып, жаңа буын заңгерлерді тәрбиелеп шығаруда.Заң факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде түрлі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Мұнда студенттер қылмыстық құқық, азаматтық құқық, халықаралық құқық, конституциялық құқық, әкімшілік құқық сияқты негізгі бағыттар бойынша білім ала алады. Оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай жасақталған және заң саласындағы үздік тәжірибелерге негізделген. Факультетте құқық теориясы, заң тәжірибесі, заңдық зерттеулер мен аналитикалық дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылады.
ҚазҰУ Заң факультеті ғылыми-зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөледі. Факультет профессорлары мен студенттері Қазақстанның құқықтық мәселелерін шешу бойынша зерттеулер жүргізіп, халықаралық конференциялар мен семинарларда өз еңбектерін жариялап келеді. Сонымен қатар, факультет әлемнің жетекші университеттерімен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобаларға қатысуда, шетелдік университеттермен академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бұл студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.Факультет құқық қорғау және мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатқан.
Бұл оқу орнында алған білімдерін студенттер нақты істер мен тәжірибелер арқылы пысықтай алады. Оқу барысында студенттер сот процесстеріне қатысуға, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып, болашақта заңгерлік мансаптарын табысты бастауға жағдай жасалады.ҚазҰУ Заң факультетінің түлектері заң саласының түрлі бағыттарында табысты еңбек етуде. Олар – еліміздің жоғары сот органдарының судьялары, белгілі заңгерлер, адвокаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік басқару саласындағы беделді мамандар. Түлектердің көпшілігі халықаралық деңгейде де танылып, түрлі шетелдік компанияларда және ұйымдарда еңбек етуде. Бұл факультеттің білім беру деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті – Қазақстанның құқықтық білім беру жүйесінде ерекше орын алатын мекеме. Оның түлектері Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Заманауи білім беру стандарттарын ұстана отырып, факультет жас ұрпақты білімді, жауапты, әділ және кәсіби заңгерлер ретінде тәрбиелеуде.
Темірболат Нұрайша
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024