21-11-24 |
880 рет қаралған
Өзін зорлады деп жала жапқан әйел сотталды.
Өзін зорлады деп жала жапқан әйел сотталды

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында осы жылдың ақпан айында азаматша «Ш» өзінің танысы «К»-мен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды, ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасаған.

Соңғысының қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалау орбитасына тартылып, Өскемен полиция басқармасының күштері мен құралдары жалған қылмысты тергеуге жұмсалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде «жалған жәбірленуші» ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаудағы өз кінәсін толық мойындады (ауыр қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған хабарлау), және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтініш білдірді.

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен «Ш» Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.