25-11-24 |
1450 рет қаралған
Қазақстан 100 млн тоннадан астам мұнай өндірмек.
Қазақстан 100 млн тоннадан астам мұнай өндірмек

Қазақстан Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбіде Парламент Мәжілісінде Үкіметтік сағат барысында баяндама жасады.

«Мұнай-газ кешенінде елдің дамуында республика бойынша мұнай өндірудің 65%-ды құрайтын үш ірі кен орны маңызды рөл атқарады.

Жобаларға жалпы тікелей инвестициялар игеру басталғаннан бері шамамен $185 млрд құрады.

Болжам бойынша 2026 жылдан бастап ірі жобаларды іске асыру есебінен мұнай өндірудің жыл сайынғы көрсеткіштері 100 млн тоннадан астам көлемде күтілуде.

Теңізшевройл мұнай өндірудің жылына 12 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ететін Болашақ кеңейту жобасын іске асыруда.

Қарашығанақта 5-ші компрессор бойынша жұмыстар аяқталды, шикі газды кері айдаудың 6-шы компрессорын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл өндіру сөресін жылына 11-12 млн.тонна деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар кен орнында қуаттылығы 4 млрд.м3 газды құрайтын газ өңдеу зауытын (бұдан әрі – ГӨЗ) салу жобасы іске асырылуда. Аяқталу мерзімі – 2028 жылдың соңы.

Қашағанда қуаттылығы жылына 1 млрд. м3 ГӨЗ құрылысы жүргізілуде, ол 2026 жылдан бастап мұнай өндіруді 1 млн.тоннаға ұлғайтуды көздейді.

Бұдан басқа, 2029 жылы қуаттылығы жылына 2,5 млрд.м3 ГӨЗ салу есебінен мұнай өндіру деңгейінің 2 млн.тоннаға өсуін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Жалпы алғанда, үш ірі жобада мұнай өндіру республика бойынша барлық мұнай өндірудің 70%-ды құрайтын болады, оған шамамен $17 млрд инвестицияланады.

Сонымен қатар, жер қойнауының перспективалы учаскелері бойынша геологиялық барлауға 2030 жылға дейін $5 млрд инвестиция салынады, бұл 2040 жылға қарай 11 млн.тонна мұнай өндіруді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, мұнай өндіруге салынған инвестициялар 2030 жылға қарай ірі кен орындарында шамамен $21 млрд құрайды».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.