09-12-24 |
1190 рет қаралған
Шерзаттың қасына жерле. Полиция Талғарда қайтыс болған жігіттің хатын жариялады.
Шерзаттың қасына жерле. Полиция Талғарда қайтыс болған жігіттің хатын жариялады

Бүгін Талғарда марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Гаепбаевтың мүрдесі табылған болатын.

Полицияның мәліметінше, мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі болмаған. Жас жігіт өз-өзіне қол жұмасаған.

Полиция Нұрқанаттың өлер алдында марқұм Шерзат Полаттың әкесімен жазысқан хаттарын жариялады. Онда жас жігіт өзін Шерзаттың жанына жерлеуін өтінген.

«Аға, не істесем де кешір. Бұл өмір, мен бауырымның өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым сақтап қалуға. Аллаға керек болды, оны да алып қойды. Аға сен өмір сүр және біз үшін кек алуың керек. Сен сол үшін жаралғансың. Бірақ мен істеген істі қайталама, сенде ұл, қыз бар. Соларды ойла. Мен сені жақсы көрем, кешіріп қой. Шерзаттың қасына жерлесең болды, басқа айтарым жоқ», – делінген марқұмның соңғы жазбасында.

Фото: Нұрқанат Гаепбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.