Алматыда Кемел шағын ауданындағы жаңа көпірдің техникалық ашылуы өтті. Құрылысы тамыз айында апатты жағдайдағы ескі көпір жабылғаннан кейін басталған.
Жаңа көпірдің ұзындығы бұрынғысынан екі есе ұзын: 33 метр, ал ескі көпірдің ұзындығы 16,8 метр еді. Көпір рекордтық 4 ай ішінде салынып, жаяу жүргіншілер жолымен және барлық қауіпсіздік талабына сай жабдықталған.
Тұрғындар көлік байланысын едәуір жақсартатын жаңа көпірге қуанышты. Жергілікті тұрғындар жаңа көпірге қуанышты. «Біз ұзақ жөндеу жұмыстарын күткен едік, бірақ көпір тез әрі сапалы салынып бітті», – дейді жергілікті тұрғын Юлия Хвалынская.
Көпірді көріктендіру және жарықтандыру жұмыстары жалғасуда және айдың соңына дейін аяқталады.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
24.12.2024