10-12-24 |
2440 рет қаралған
ШҚО әкімі Өскемендегі ауаның ластануына қатысты түсініктеме берді.
ШҚО әкімі Өскемендегі ауаның ластануына қатысты түсініктеме берді

Ермек Көшербаевтың айтуынша, қазіргі уақытта ауаның ластану мәселесін шешудің түрлі тәсілдері зерттелуде. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес кәсіпорындар төлеген барлық айыппұлдар жергілікті бюджетте қалады.

«Мен осы айыппұлдардың барлығын ауа бассейнінің сапасын жақсартуға және ластануды азайтуға бағытталған мақсаттарда пайдалану туралы тапсырма бердім. Біз жергілікті қоғам белсенділерінің бірқатар бастамаларымен Өскемен экологиялық қорғау бюросының құрылуына ықпал еттік – бұл қаланың кез келген тұрғыны мүше бола алатын қоғамдық ұйым, әрине, ғалымдар, сарапшылар болуға тиіс», – деді ШҚО басшысы.

Бюроның перспективалық міндеттерінің бірі – түйінді нүктелерді анықтау және ауаның сапасын бақылаудың тиісті жүйелерін құру.

Сондай-ақ, жеке секторды орталық жылытуға қосу мәселесі қарастырылуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.