17-12-24 |
960 рет қаралған
Қазан айында 170,9 мың бірлік автокөлік есепке қойылды.
Қазан айында 170,9 мың бірлік автокөлік есепке қойылды

2024 жылғы қазанда 170,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% көп.

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 652,4 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының қозғалтқыш көлемі бойынша ең көп үлесі (43,9%) 1500-2000 см3 көлеміндегі жеңіл автомобильдеріне тиесілі. Қозғалтқыш көлемі 1500 см3 дейінгі жеңіл көлік үлесі – 19,3%, 2000-2500 см3 аралығында – 17,4%, 2500-4000 см3 – 14,9%, 4000 см3 жоғарылар – 1,9%.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 см3 аралығындағы жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 232,9 мың бірлік, Алматы – 217,4 мың бірлік және Астана қалаларында – 168,7 мың бірлік, сондай-ақ, Қарағанды облысында – 158,2 мың бірлік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.