Ленинград ауылшаруашылық колледжінің студенттері бірінші курс студенттерінен ақшаны жүйелі түрде қорқытып алып отырған.
Прокуратураның материалдарына сүйене отырып, бұл факт Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес Ақжар аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне дереу тіркелді.
Ақжар аудандық сотының осы жылғы 28 қарашадағы үкімімен аталған колледждің үшінші курс студенті осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бүгінгі күні үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету кетерлігі, аталған фактіні оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарланбаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жасалған бұзушылықтар үшін колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылып, болашақта мұндай фактілердің орын алуына жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру қайта қаралды.
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
18.12.2024
-
17.12.2024
-
17.12.2024
-
17.12.2024
-
17.12.2024