23-12-24 |
660 рет қаралған
Астанада  көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды.
Астанада  көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

Құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамағаны анықталды.

Прокуратура сот актілерін зерделей отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.