Тексеру барысында сотталғандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін коммуналдық қызмет саласындағы өрескел бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
Онкологиялық, бүйрек аурулары, асқазан-ішек жолдары және эндокриндік жүйе сияқты аурулары бар сотталғандар қосымша тамақтандыруға құқылы. Алайда, тексеру Қарағанды облысының мекемелерінде сотталғандар ет, жеміс-жидек және басқа да қажетті өнімдердің қосымша порциясын алмағанын көрсетті.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кінәлі 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзушылықтар жойылды, 565 сотталғанның конституциялық құқықтары қорғалды.
Бұл мәселе Қарағанды облысының Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланып, уәкілетті органдарға нақты ұсыныстар әзірленді.
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024
-
25.12.2024