Алматыда полиция қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті. Үш мыңнан астам полицей қаладағы тәртіпті тәулік бойы күзетеді.
Қалада біріктірілген полиция күштерінің саптүзеуі өтті. Оны Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жүргізді.
– Қазақстан полициясының басты міндеті – құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнату екенін білесіздер. Полиция қызметкері – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі және әрқашан азаматтардың тыныштығын күзетеді. Сіздердің әрқайсыңыз қаладағы тәртіп пен қылмыспен күреске өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Біз Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген әріптестерімізді мақтан тұтамыз, – деді Арыстанғани Заппаров.
Алматы қаласының бас полицейі қызметінде жоғары нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген және өз ісінің кәсіби маманы деп саналған полиция қызметкерлерін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және төсбелгілермен марапаттады.
Сонымен қатар саптүзеу барысында жауынгерлік бөлімше қызметкерлерінің киім-кешектері, автокөліктердің жағдайы, сондай-ақ қаладағы құқықтық тәртіптің сапасына әсер ететін техникалық жабдықтар тексерілді.
Бұрын хабарланғандай, жаңа жылды мерекелеу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді.
Патрульдік экипаждардың саны ұлғайтылды, қызмет көрсету маршруттары күшейтілді, жаяу патрульдік қызметке Ұлттық ұланның 300 әскері тартылды. Азаматтар көп жиналатын орындар мен мәдени-ойын-сауық шаралары өтетін орындар ерекше бақылауда.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024