Мемлекеттік кеңесші әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.
Ерлан Қарин басқосуда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалардың жемісі, сондай-ақ ел тұтастығы мен халық бірлігінің мән-маңызы туралы айтты.
«Бүгінде Президенттің саяси реформаларының нәтижесінде елімізде плюрализм, сөз еркіндігі толық орнықты. Бірақ демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік. Түрлі мәселелер жөнінде дауласамыз, айтысамыз деп жүріп ел ішіне іріткі салып, азаматтарды бір-біріне қарсы қоюдан сақтанып, жол бермеуіміз қажет. Ескі және Жаңа деп, немесе билік пен қоғам деп бөлінбей, әрдайым ортақ мүдде тұрғысынан пайымдап, бірге болуымыз қажет. Бәріміз де бір елдің азаматтарымыз, бөліп жаратын ештеңе жоқ. Қазақстан тек бізге ғана керек», – деді Мемлекеттік кеңесші.
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
30.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024