58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, қару-жарақтарды, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғандарды іздеу және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«Нәтижесінде қарудың қайта айналымының 7 арнасы, сатудың 7 ішкі арнасы және оны жасайтын жасырын 4 цех жойылды. 58 Калашников автоматы, 283 мылтық, 164 тапанша, 115 граната және әртүрлі калибрдегі 15 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді», – делінген хабарламада.
Қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
08.01.2025