Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының 43 кәсіби стандарты өзектендірілгенін, жаңа мамандықтар мен біліктіліктер анықталғанын, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестердің жұмысы жандандырылғанын хабарлады.
Ол биыл энергетика саласында жаңа мамандықтар бойынша 4 кәсіби стандарт әзірленетінін және 29 кәсіби стандарт, оның ішінде атом саласында жаңартылатынын атап өтті.
Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, 61 жоғары оқу орны мен 200-ден астам колледжді қамтитын кадрлар даярлау жұмыстары құрылды, онда ОЭК мамандарын даярлау жүргізілуде.
Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады, онда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.
Электр генерациясының жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжануда.
АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында АЭС үшін персонал даярлау үшін мамандандырылған мамандықтар ашылатын болады.
«Электротехника колледждерімен тығыз ынтымақтастықты Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары – Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институты жүзеге асырады, олар колледж студенттерінің ядролық мамандықтар бойынша өндірістік тәжірибе өткізу базасы болып саналады», — деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
08.01.2025