Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің көмегімен, күдіктіні Беларусь Республикасынан ірі мөлшердегі алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадициялағандарын мәлімдеді.
Ол, 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейінгі кезеңде Түркістан қаласында бір топ адам болып әрекет етіп, кәсіп ашу үшін тегін ақшалай грант алуға көмектесеміз деген сылтаумен 13 азаматтың қаражатын ұрлаған, оларға 10 миллион теңгеден ірі мөлшерде шығын әкелді.
«Бұл қылмыстың сыбайласы сотталған, ал күдікті заңсыз әрекет жасағаннан кейін қашып кеткен және халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылдың қазан айында ол Беларусьте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды», – делінген хабарламада.
Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.
Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеу арқылы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025
-
17.01.2025