17-01-25 |
680 рет қаралған
Алматыға жақын маңда тағы бір жер сілкінісі болды.
Алматыға жақын маңда тағы бір жер сілкінісі болды

Қазақстан ТЖМ Сейсмология институты Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде, жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша кеше 17:30-да болған.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентріндегі күштілігі бес баллды құраған. Қазақстан шекарасына жақын болғанына қарамастан, Алматы мен елдің басқа өңірлерінде бұл жер сілкінісі сезілмеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.