18-01-25 |
600 рет қаралған
QazNews24 сатиралық паблигінің басшысы қамауға алынды.
QazNews24 сатиралық паблигінің басшысы қамауға алынды

Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында QazNews24 сатиралық паблигінің әкімшісі Темірлан Енсебектің пәтерінде тінту жүргізіліп, ол  уақытша ұстау изоляторына қамалғаны тұралы мәлімет тарады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі QazNews24 әкімшісінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

Жас жігітке әлеуметтік желілердегі жарияланымдары арқылы ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

«Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен пабликтердің бірінің авторы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады департамент өкілдері.

Айта кетейік, 2021 жылдың мамыр айында Енсебектің пәтерінде тінту жүргізілген болатын. Сол кезде оның екі телефоны мен ноутбугы тәркіленді, ал Алматы полиция департаменті жариялаған баспасөз хабарламасында Темірланды «жалған жаңалықтардың авторы» деп атады.

Полиция «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша іс қозғады. Енсебекке «қорғау құқығы бар куәгер» мәртебесі берілді.

Халықаралық «Шекарасыз репортерлар» ұйымы Қазақстан билігін «сөз бостандығын құрметтеуге» шақырып, авторға қолдау білдірді.

2022 жылдың қыркүйегінде іс «қылмыс құрамының болмауына» байланысты тоқтатылды.

Адвокат Жанара Балғабаева тергеу тағайындаған саяси және лингвистикалық сараптамалар әзіл-сықақтық контентті жалған ақпарат ретінде қарастыруға болмайтынын көрсеткенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.