22-01-25 |
370 рет қаралған
Зеленский: Путин украин әскерін бес есе қысқартуды талап етеді, біз бұған жол бермейміз.
Зеленский: Путин украин әскерін бес есе қысқартуды талап етеді, біз бұған жол бермейміз

Украина Президенті Владимир Зеленский Давоста Ресей Президенті Владимир Путин ықтимал бейбіт келіссөздер барысында украин әскерін бес есеге қысқартуды талап етеді, бірақ Украина бұған жол бермейтінін мәлімдеді.

«Путин қоятын маңызды талаптардың бірі – украин әскерін бірнеше есеге қысқарту. Егер біз 800 мыңнан астам әскері бар күшті әскер жасай алсақ, онда біз және Еуропа бірге өз шекарамызды қорғауға қабілетті армиямыз бар екенін көрсетеміз. Бұл әскер Путинге тойтарыс беруге қауқарлы, және ол мұны түсінеді. Ресей үшін ең жылдам жол – АҚШ-қа Украина НАТО-ға кірмесін деп қысым көрсету және біздің әскерімізді бес есеге қысқартуды талап ету. Бұл – оның қалағаны. Бірақ біз бұған жол бермейміз», – деп мәлімдеді Зеленский.

Зеленскийдің әскерді дәл бес есеге қысқарту туралы ақпараты қайдан алынғаны белгісіз, бірақ Ресей тарапынан украин әскерінің санын шектеу туралы талаптар соғысқа дейін де, соғыс кезінде де бірнеше рет айтылған. Сондай-ақ, баспасөзде Ресейдің қандай әскер санына рұқсат беруі мүмкін екендігі туралы бейресми мәліметтер жарияланған.

Мәселен, баспасөз мәліметтері бойынша, соғыс басталған кезде, 2022 жылдың көктемінде өткен келіссөздерде Ресей Украина Қарулы Күштерінің саны 85 мыңнан аспауы керек деп талап еткен.

Давоста Зеленский сонымен қатар Украинада соғысып жатқан Ресей әскерінің саны туралы айтты: оның айтуынша, қазір Украинада 608 мың ресейлік әскери қызметші бар. Осыған ұқсас деректерді 2023 жылдың соңында Путин де айтқан: 617 мың.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.