23-01-25 |
780 рет қаралған
Қарағанды облысында қарақшы дүкен сатушысын өлтіріп кетті.
Қарағанды облысында қарақшы дүкен сатушысын өлтіріп кетті

Саран қаласында белгісіз адам пышақпен азық-түлік дүкенінің 27 жастағы сатушысына шабуыл жасады, ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Қарақшылық шабуылдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазбада ер адамның дүкенге баса көктеп кіріп, сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді. Сатушы қарсылық көрсеткен соң, қылмыскер әйелді ішінен пышақпен ұрған. Содан кейін қылмыскер кассадағы ақшаны алып, қашып кеткен.

«Зорлықпен өлтіру белгілері бар мәйіттің табылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні анықтап, ұстау мақсатында облыстық ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.