23-01-25 |
810 рет қаралған
Биыл  Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда.
Биыл  Алматы экономикасына 2,2 трлн теңгеден астам қаржы тарту жоспарлануда

Алматыда жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес секторға инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы.

2024 жылы Алматыда негізгі капиталға шамамен 2 трлн теңге инвестиция тартылды. Негізгі капиталға инвестициялар өңдеуші өнеркәсіпке (өсім 2,9 есе), білімге (84,7% – ға), көлікке (37,5% – ға), денсаулық сақтауға (31,3% – ға) инвестициялардың айтарлықтай өсуі есебінен 8,2% – ға ұлғайды.

Бұл өсу динамикасы инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін көрсетеді. Шамамен 90% – ды жеке инвестициялар құрайды, олардың өсімі 6,2%.

Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несиелікк рейтингін, «Тұрақты» болжамы растады.

Жалпы қала экономикасына 2025 жылы 2,2 трлн теңге тарту жоспарлануда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.