Астанада LRT-ны сынақтан өткізу жұмыстары қыркүйек айында басталады, деп мәлімдеді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
«Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жақындап келеді. Жаз мезгілінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізіліп, содан кейін белсенді сынақтық тексерулер басталады», – деді Қасымбек сейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.
Әкімнің айтуынша, Астана билігі қоғамдық қауіпсіздік пен қалалық орта басқару саласына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуді қолға алуда.
«Жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. 2024 жылдың желтоқсанында көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама бекітілді. Елордада автомобиль трафигінің өсуіне байланысты басты назар қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақ кеңістігінің жұмысын жақсартуға, қауіпсіз және ыңғайлы жаяу жүргіншілер аймағын қалыптастыруға аударылды. Күн сайын қалалық маршруттарға 1600-ден астам автобус шығады. Соңғы екі жылда елорданың қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды», – деп атап өтті Қасымбек.
Оның айтуынша, қалада «Таза Қазақстан» бастамасы аясында заманауи, жайлы және экологиялық таза қала бейнесін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
«Қоғамдық кеңістіктер мен көгалдандыруды дамыту схемасы қабылданды. Бір жыл ішінде 170 қоғамдық орын мен аулалар абаттандырылды, 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды. Парктік аймақ қалыптасуда, ғимараттардың қасбеттері, жарнамалық құрылымдар, архитектуралық жарықтандыру, жарық жүйесі мен қалалық декордың бейнесін реттейтін дизайн-код іске асырылуда. Көгалдандыру жарғысына сәйкес, құрылысшылар дендропланды жүзеге асыруға және үш жылдық кепілдік күтімін қамтамасыз етуге міндеттелді. Қаланың санитарлық жағдайына ерекше назар аударылуда. Рұқсатсыз құрылыс қалдықтарының 90%-дан астамы жойылды, қалған қоқыс ошақтары көктемде жойылады», – деп қосты Қасымбек.
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025
-
30.01.2025