29-01-25 |
1270 рет қаралған
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді.
Жамбыл облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар әшкереленді

2024 жылдың 14 маусымында Қордай ауданы Енбек ауылының жанында шекара қызметімен бақылау-өткізу пунктінен тысқары жерде Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстанның үш азаматы ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

Құқық бұзушыларға қатысты аудан прокуратурасы мен шекара қызметі ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеп, тергеу нәтижесімен қылмыстық істер аудандық сотқа жолданды.

«Сот үкімімен мигранттар 6 айға бас бостандығынан айыра отырып, Қазақстан Республикасы аумағынан 5 жылға шығару жазасы тағайындалды. Кейіннен, аудан прокуратурасының үйлестіруімен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен іс материалдары қосымша зерделеу барысында осы шетелдіктермен шекараны заңсыз кесіп өтуін ұйымдастырған 3 жергілікті тұрғын анықталды», – делінген хабарламада.

Бұл заңсыз көші-қонның тұрақты арнасы ұзақ уақыт бойы әрекет етті.

2025 жылғы 21 қаңтарда ҚК-нің 394-бабының 2-бөлігі бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.