Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен бұрынғы ЖШС қызметкерін бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп таныды.
Ол кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 млн теңге тұратын пәтерді талап еткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен.
Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді бопсалау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025
-
03.02.2025