
Бұл туралы АҚШ президенті Жапония премьер-министрі Сигэру Исибомен кездесу кезінде айтты.
АҚШ пен Украина басшылары сирек кездесетін металдарды жеткізу мәселесін және Украинаға соғыстағы қолдауды талқылауды жоспарлап отыр. Кездесу Вашингтонда өтуі мүмкін.
Трамп сондай-ақ Путинмен соғыс туралы сөйлескісі келетінін айтты.
«Мен бұл соғыстың аяқталғанын қалаймын. Себебі басты мәселе – көптеген адамның қаза табуы. Қазірдің өзінде 800–900 мың ресейлік өлді немесе ауыр жарақат алды. Украинада да жағдай ұқсас – шамамен 700 мың адам. Келтірілген сандар шындыққа сай емес. Меніңше, олар нақты емес», – деді Трамп.
Бұған дейін де Трамп Ресей президентімен келіссөз жүргізу туралы айтқан болатын. Бірақ кездесудің нақты мерзімі әлі белгісіз.
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025
-
12.03.2025