10-02-25 |
1170 рет қаралған
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі.
Екібастұзда полиция 18 млн теңгенің вейпін тәркіледі

Екібастұзда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, 2500-ге жуық вейп тәркіленді.

Полицейлер тауарды Шешембеков көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінен тауып алды. Заңсыз тауардың партиясы кейіннен сатуға арналған. Күдікті танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің арналарын қолдана отырып, интернет-дүкен арқылы вейптерді сатуды жүзеге асырды.

Электронды темекіні заңсыз сатып, таратты деген күдікпен 20 жастағы азамат полицияға жеткізілді.

– Қазіргі уақытта темекі шекпейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Полиция 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда никотинді (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енгенін еске салады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.