26-02-25 |
470 рет қаралған
Сот шешімдері жасанды интеллект көмегімен орындалмақ.
Сот шешімдері жасанды интеллект көмегімен орындалмақ

 Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерімен жұмысты жақсартуға және мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

 Атап айтқанда, әділет органдарын цифрландыру шеңберінде жаңа «Цифрлық ассистентті» енгізе отырып, «Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін» пысықтау жоспарлануда. Бұл құрал пайдаланушыларға сот шешімдерінің орындалуының барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік береді. Өндіріп алушылар мен борышкерлер сот орындаушысының қандай әрекеттерді орындағанын, сондай-ақ болашақта не істеу керектігін көре алады.

«Пайдаланушылар сот орындаушысының әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жауап беру мүмкіндігіне ие болады», — деп атап өтті ҚР әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

 Сондай-ақ ұсыну мерзімі өтуіне байланысты кері қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша мүлікке салынған тыйымды, республикадан шығуға уақытша шектеуді, борышкерлер тізілімінен шығаруды уақытылы шешпеу мәселесін автоматтандыру арқылы шешуге мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.