27-02-25 |
520 рет қаралған
Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты.
Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

26 ақпанда «Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford өртеніп кеткен. Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді ПД.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдықты асыру, қарама-қарсы жолаққа шығу, рөлдегі немқұрайлық – қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Бір жасалған қателік – адам өмірімен тең. Жолда сақ болып, өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қамқор болыңыздар!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.