01-03-25 |
520 рет қаралған
Пойызда сәбиін дүниеге әкелген ана жолсерікке алғысын білдірді.
Пойызда сәбиін дүниеге әкелген ана жолсерікке алғысын білдірді

Осыдан бір жыл бұрын, №352 «Алматы – Өскемен» пойызында сәбиін дүниеге әкелген жолаушы Алғыс айту күніне орай елордаға күйеуімен бірге арнайы келіп, сол қиын сәтте көмек көрсеткен жолсерік Бағдагүл Әбдәқұловамен қайта жүздесіп, шынайы ризашылығын білдірді. Сол мезетте жолсерік Бағдагүл ханым жедел көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алып, жаңа туған нәрестенің кіндігін кескен.

Жолаушының толғағы Екаша-Айыртау станцияларының арасында басталды. Мұндай күрделі жағдайда жолсерік жедел әрекет етіп, босануға қажетті барлық көмекті дер уағында ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, сағат 13:30-да сәби дүниеге келді.

Бағдагүл Әбдәқұлова теміржол саласында 37 жыл табанды еңбек етіп, дәл осындай ерекше жағдайға алғаш рет кезікті. Наурызда жолсерік зейнеткерлікке шығуды жоспарлап отыр. Дегенмен, оның есімі өз ісін адал атқарып қана қоймай, жоғары жауапкершілік, кәсібилік және терең адамгершілік танытқан жан ретінде жастарға үлге болып қалары анық.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында бүгінге дейін 14 сәби дүниеге келген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.